Бүгін колледжде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тікелей көрсетілімі болды.

Бүгін колледжде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тікелей көрсетілімі болды. Президент Қ. Тоқаев: «Біздің жұмысымызда бес институционалдық реформа мен Елбасы әзірлеген Ұлт жоспарын толық іске асыру қажеттігіне сүйенген жөн. Ол құрған жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысын қайта бастаған жөн», деді.

«Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК халықтың игілігі үшін қажетті осы реформаларды жүзеге асыруды қолдайды:

Заманауи тиімді мемлекет.

Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика.

Әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі.

Күшті аймақтар-күшті ел.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!