Бүгін 2020 жылдың 7 ақпанында Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде «WELCOME» атты Ашық есік күні өтті.

Бүгін 2020 жылдың 7 ақпанында Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде «WELCOME» атты Ашық есік күні өтті.
Аталған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының «АТАМЕКЕН» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығының өкілдері, әлеуметтік серіктестіктер, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар мен бітірушілері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: халықты жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Міндеттері:
1.»Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
2.Еңбек нарығында талап етілетін біліктіліктер мен дағдыларға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.
Ресми бөлімнен кейін колледждын өндірістік шеберлері «Кондитер», «Наубайшы», «Аспаз», «Даяшы», «Арнайы тігінші» мамандықтары бойынша шебер-сыныптар көрсетті.

  1. «Мусс торттары», «Жылтырақ әшекейлі мусс пирожныйлар»-арнайы пән оқытушысы Коптілеуова А. өндірістік оқыту шебері Боранбаева А. С.
  2. «Тонда піскен балық»- өндірістік оқыту шеберлері Жумағази Ж.С.,
    Искакова А.С.
  3. «Глютенсіз піскен нан»- өндірістік оқыту шеберлері Баярыстанова Д. К., Сейдуалы Ж. А.
  4. Ас майлықтарымен үстелге сервировка жасау» өндірістік оқыту шебері -Атыгаева А.С.
  5. «Сыйға тартылатын жастықтар»- өндірістік оқыту шебері Ғаниқызы А.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!