Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК-де Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК-де Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты З.Клышбаева педагогтар мен қызметкер аруларды, студент қыздарды келе жатқан мерекемен құттықтады. Салтанатты шара барысында колледждің ер азаматтары мен студенттері өнер көрсетіп, аруларға құрмет көрсетсе, бірқатар педагогтар алғыс хаттармен марапатталды.