Аспаз күні

      Бүгін –  нарық заманының мәртебелі мамандығына айналған  халықаралық аспаздар күні. Тіл үйіретін, тәтті тағамдар дайындайтын кәсіп иелері бағзы заманнан бері аса зор құрметке ие болып келеді. Аспаз болу бір өнер. Олай болса сол кәсіпке болашақ мамандарды дайындап келе жатқан республикамыздағы іргелі оқу орны-ол Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі.

     Үстіміздегі жылы құрылғанына 37 жыл болған оқу орны замануи өзгерістерге сәйкес тың жаңалықтармен толығуда. Мысал ретінде «Жас маман» бағдарламасы бойынша соңғы үлгідегі технологиялық құралдармен жабдықталған, 2 ғимараттан тұратын «Құзыреттілік орталығын» айтуға болады. Мұның өзі оқу орнының шығармашылық ұжымын кәсіби құзыретті мамандар дайындау ісін инновациялық тұрғыдан жүргізуде тың ізденістерге итермелейді.

     Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі барлық студенттерді, оқытушы-шеберлерімен әлеуметтік серіктестерді халықаралық аспаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Еңбектеріне табыс, отбастарына аманшылық, дайындаған тағамдары арқылы тұтынушылардың алғысына бөленуіне тілектеспіз.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!