Ашарапов Тынысбек Кәкімбекұлының қатысуымен «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» тақырыбындағы тәрбиелік іс-шара өтті

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі педагог-қызметкерлері мен студент-жастары «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» тақырыбындағы тәрбиелік шараларға қатысып, мән-мағынасы мен мазмұны жағынан тартымды іс-әрекеттерге куә болды. «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары Ашарапов Тынысбек Кәкімбекұлы, колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Клышбаева Зәуре Арапқызы жастарға Елбасының Қазақстан мемлекеттігін қалыптастыру бағытындағы өлшеусіз еңбегі туралы кеңінен әңгімелеп берді.