Алғыс айту күніне орай қазақстандық эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері,  Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар театры директорының орынбасары Досымжан Қарпықұлы Таңатаровпен кездесу болып өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК және Нұр-Сұлтан қаласы №3 емханасы бірлесіп ұйымдастырған мерекелік шараға театр актері Айсұлтан Жәлиев, Нұр-Сұлтан қаласы кіші ассамблеясының өкілдері де қатысты.