2022 жылдың 31 тамыз күні «2022-2023 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбына ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ өткізілді.

2022 жылдың 31 тамыз күні «2022-2023 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбына ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ өткізілді. Күн тәртібінде: 2022-2023 оқу жылына колледжде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2022-2023 оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдарды; 2022-2023 оқу жылына арналған колледжді дамытудың мақсаттары мен міндеттері, перспективалары және негізгі бағыттары; Қабылдау комиссиясының жұмыс қорытындысы, проблемалар мен келешешегі; Жаңа оқу жылының басталуы туралы: топтарды жасақтау, мерекелік іс-шаралар, педагогтардың жұмыс кестесі және басқа сұрақтар қарастырылды.

 

 

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!