2021 жылдың 15 наурыз күні Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі базасында Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып іс-шаралар жоспарын іске асырды

2021 жылдың 15 наурыз күні Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі базасында Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған аспаздық ісі бойынша шебер-сынып ұйымдастырылды. Шебер-сыныпты Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Досмаилова Айман Тоқбаевна және Кунапина Мадина Алибековна өткізді. Шебер-сыныпта  6-11 жас аралығындағы 10  бүлдіршін қатысты. Қатысушылар іс-шара барысында Аджария хачапуриін дайындау бойынша аспаздық өнерді меңгерді

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!