1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде 2019-2020 оқу жылына 16 оқу тобына қабылданған 400-ден астам студенттер салтанатты жиынға сап түзеді. Оларды жаңа оқу жылының басталуымен колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Клышбаева Зәуре Арапқызы құттықтап, білім кілтін табыстады. Жиналған қауым алдында студенттер хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты жарияланған республикалық эстафетаға үн қосты. Шара «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбындағы кураторлық сағаттармен жалғасып, ата-аналармен шәкірттер студенттің ар-намыс кодексімен, ішкі тәртіп ережесімен таныстырылды.