Сырғалым» қыздар клубы оқу орнындағы барлық арулардың басын біріктіре отырып, тәлім-тәрбие беру орталығы ретінде жасөспірім қыздар әдебін жүйелеу тұрғысынан атқарар ролі жоғары өзін-өзі басқару тетігі болып табылады.

«Сырғалым» қыздар клубы оқу орнындағы барлық арулардың басын біріктіре отырып, тәлім-тәрбие  беру орталығы ретінде жасөспірім қыздар әдебін жүйелеу тұрғысынан атқарар ролі жоғары өзін-өзі басқару тетігі болып табылады. Кезекті келелі басқосу барысында клуб мүшелері студенттердің ар-намыс кодексі ережелерін орындау бағытындағы студент-қыздардың жауапкершілігі туралы мәселе қарады. Ортақ пікір алмасу алаңында өмірлік тәжірибесі мол ұстаздар, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері және студент жастар бас қосып, оқу орнының ішкі тәртіп ережелерінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету мақсатындағы өзекті ойларымен бөлісті.