Сенбілік

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК ұжымы Нұр-Сұлтан қаласында жарияланған экологиялық тазалық айлығы мен оның аясында өткізілген 2020 жылдың 19 кыркүйек күнгі жалпықалалық көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына арналған сенбілікке бір кісідей қатысты. Оқу ғимараты мен ресурстық орталықтың ауласы абаттандырылды, кабинеттер, шеберханалар, белгіленген ғимарат аумақтары тазартылды. Ұжым мүшелері оқу орнының жасыл-желекке орануына, ауланың таза болуына, оны көркейтіп, көгалдандыруға бағытталған жұмыстарға бір кісідей жұмылды.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!