Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес мүшелері 2020-2021 оқу жылы бойынша атқарған жұмыс қорытындысы, «Жас маман» жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар, 2021 бюджет жылға қаралған қаржының игерілуі, 2021-2022 оқу жылының мемлекеттік тапсырысын қалыптастыру, Оқу орнын жаңа үлгідегі ақпараттық технология құрал-жабдықтарымен жабдықтау, Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге әлеуметтік көмек көрсету, Оқу жүйесінде академиялық адалдық қағидасын сақтау бағытында атқарылған жұмыстар, Оқу орнының жаңа мамандықтар ашу арқылы оқу бағдарламаларын байыту жолдары туралы мәселелерді тыңдап,талқылады. Оқу орнының қала деңгейіндегі орны, оны одан әрі жетілдіру жолдары пікірлерге негіз болды. «Жас маман» жобасы арқылы ашылған құзыреттілік орталығының жұмысын жандандыру, оны заманауи кәсіби даму кешені ретінде жұмысын жолға қою ұсынылды.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!