Нұр-Сұлтан қаласы бас-аспаздар гильдиясының төрағасы Рустам А.И «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» тақырыбында мастер-класс өтті.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде танымал бас-аспазшы, Нұр-Сұлтан қаласы бас-аспаздар гильдиясының төрағасы Рустам Алымжанұлы Имамниязов «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» тақырыбында мастер-класс өтті. Ол кәсіпкер ретінде баға жетпес тәжірибесімен бөлісті. Колледждің 3 курс студенттерімен бірлесе бизнес мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылап, бизнес идеялар мен бизнес-жоспар құруға тырысты. Сөзінің соңында Рустам Алымжанұлы шақыру үшін ризашылығын білдіріп, жастарға белсенді, мақсаттарына жетуіне тілектес болды.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!