Білім алушылар қатарына қосуға арналған салтанатты шара өткізілді

Қоғамдық тамақтандыру  және сервис колледжінің студенттік қауымдастығы  жаңа буын білім алушыларды қатарына қосуға арналған салтанатты шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізді. Студент-жастар Нұр-Сұлтан қаласындағы ең үздік колледждерінің бірінде оқитындықтарымен мақтанып,  өз өнерлерін көрсете отырып, қоғамдық қызмет саласының жоғары дәрежелі мамандары болуға бар ынта-жігерін арнауға уәделесті.