Нормативті құқықтық актілер

«Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 681 бұйрығына
2-қосымша

«Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.Жалпы ережелер

  1. «Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

 2.Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) кешенді тестілеу өткеннен кейін 4 күн өткен соң;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабына сәйкес ақылы түрде көрсетіледі. Төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) ерікті нысандағы өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) мемлекеттік қызметті көрсету ақысы төленгенін растайтын құжат.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

3.Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 мекенжайй бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымда көрсетілген қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының жоғары оқу орындарында тікелей алуға мүмкіндігі бар.
  3. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.