Колледж студенттері мен оқытушылары Франция мемлекетінің Лион қаласында өтетін Халықаралық WorldSkills чемпионатына «Аспаз ісі» біліктілігі бойынша қатысушы Т-334 оқу тобының студенті Колпакова Александраны шығарып салу мақсатында салтанатты жиынға жиналды.

Колледж студенттері мен оқытушылары Франция мемлекетінің Лион қаласында өтетін Халықаралық WorldSkills чемпионатына «Аспаз ісі» біліктілігі бойынша қатысушы Т-334 оқу тобының студенті Колпакова Александраны шығарып салу мақсатында салтанатты жиынға жиналды. Оқу орнының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты З.А.Клышбаева басқарған ұжым қалалық, республикалық, халықаралық WorldSkills  чемпионаттарына тұрақты қатысып, әрдайым жеңімпаздар қатарынан көрініп келеді. Жиында колледжіміздің түлектері Польшаның Гданьск қаласында  «Нан пісіру ісі» құзыреттілігі бойынша өткен  WorldSkills Еуропа чемпионатының және Швейцарияның Люцерн қаласында өткен WorldSkills халықаралық чемпионатының  қатысушысы Махмұтов Еркебұлан Серікбайұлы  және қалалық, республикалық чемпионаттардың, Түркия мемлекетінде өткен «ГастроАнталья» халықаралық конкурсының, Ресей мемлекетінің Якутск қаласында өткен WorldSkills  чемпионатының жеңімпазы, бүгінгі таңда «Кондитерлік іс» біліктілігі бойынша республикалық дәрежедегі  эксперт Жұмағазы Жазира Сәкенқызы сөз алып,  үміткердің біліктілік сайыстарында оза шауып келуіне ақжолтай тілектерін жеткізді. Кәсіби мамандардың шеберлігін шыңдауға  тер төгіп жүрген өндірістік оқыту шеберлері Н.В.Есиповская, М.А. Кунапина,  Ю.Н.Фельде, А.В.Красовская және арнайы пән оқытушылары Б.К.Ошақпаева,  Д.Б.Тлеумбетова еңбегі атап өтілді.