«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР БОЛАШАҒЫ: БИЗНЕС ПЕН БІЛІМ СЕРІКТЕСТІГІ» ФОРУМЫНДА КОЛЛЕДЖІМІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ.
«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР БОЛАШАҒЫ: БИЗНЕС ПЕН БІЛІМ СЕРІКТЕСТІГІ» ФОРУМЫНДА КОЛЛЕДЖІМІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ.
Бүгін Астанада «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР БОЛАШАҒЫ: БИЗНЕС ПЕН БІЛІМ СЕРІКТЕСТІГІ» атты Республикалық форум өтуде. Бұл кәсіптік білім мен бизнестің өзара байланысын нығайтатын, мәселелерді ашық айтып, шешу жолдарын талқылаған диалог алаңы болды. Мен «Талап» КЕАҚ Президенті Санжар Мейірханұлы модераторлық еткен «Кәсіптік білім берудегі инновациялар» алаңында спикер ретінде сөз сөйледім. «ТжКБ білім беруді интернацияландыру: оқытудың жеке траекториясын күшейту мүмкіндіктері» тақырыбы аясында колледжімізде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып, тәжірибемізбен бөлістім. Интернационалдандырудың маңызды артықшылықтарының бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Бүгінде колледжіміз әлемнің бірнеше мемлекеттерімен, атап айтқанда Корея, Ресей, Түркия, Грузия, Якутия, Франция, Германия, Швейцария, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан сияқты елдердегі ұйымдармен 25 меморандум негізінде жұмыс жасайды.
Интернационалдандырудың маңызды стратегиялық бағыты – халықаралық салалық аккредитациядан өту. Бұл бағытта колледжіміз Швейцариялық “Global Swiss Learning AG” компаниясымен бірлесіп, Люцерн қаласындағы “Richemont” Құзыреттілік орталығы және Швейцария аспаздар қауымдастығымен ынтымақтастық орнатты. Нәтижесінде, колледжімізде келесі екі мамандық бойынша халықаралық аккредитация жүргізілуде:-
-10130300 — «Тамақтандыруды ұйымдастыру»;
— 07210300 — «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» ;
Оқу-ағарту министрлігінің 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан бұл бастама колледжіміздің білім беру сапасын халықаралық деңгейге көтеруге бағытталған.