ТАБЫСТЫҢ ТӨРІНДЕ — БІЗДІҢ СТУДЕНТ!

Біздің мақтанышымыз – Ахылбек Аяулым!
Қалалық және республикалық WorldSkills жарысында «Кондитер ісі» бойынша үздік деп танылып, «Топ-100 студент» республикалық байқауының жеңімпазы атанған Аяулым жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын иеленді. Бұл — оның білімге деген құштарлығы мен кәсіби шеберлігінің дәлелі.
2025 жылдың күзінде Данияның Хернинг қаласында өтетін EuroSkills халықаралық чемпионатында Аяулым Қазақстан намысын қорғайтын болады. Бұл — әлемге танылуға үлкен қадам!
Аяулым — тек колледжіміздің емес, еліміздің атынан шығатын болашақ шебер, нағыз кәсіп иесі. Оның табандылығы мен еңбегі жастарға үлкен үлгі.
Сонымен қатар, Аяулымның кәсіби қалыптасуына үлес қосқан өндірістік оқыту шебері — Жұмағазиева Жазира Сакенқызы ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатына ие болды.
Ұстаз еңбегіне берілген бұл марапат — шынайы шеберлік пен адал еңбектің нәтижесі!
Мұндай жетістіктер — біздің колледжде берілетін сапалы білім мен дұрыс бағыттың нақты көрсеткіші.
Қос жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Жетістіктер жалғасын таба берсін!