Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі-жастардың бойындағы көшбасшылық қасиеттердің оқу орнының қоғамдық өмірінде терең көрініс беруімен ерекшеленетін маңызды тәрбиелік тетік болып табылады.
Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі-жастардың бойындағы көшбасшылық қасиеттердің оқу орнының қоғамдық өмірінде терең көрініс беруімен ерекшеленетін маңызды тәрбиелік тетік болып табылады. Осы ретте, қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары өзін-өзі басқару органдарына белсенді жастарды қамтуға бағытталған ұмтылыстарын бір арнаға толықтырып, сайлау өткізді. Нәтижесінде жастар арасындағы жұмысты алға апаратын актив таңдалып, президент сайланды.