Республикалық «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігімен арадағы меморандумға сәйкес колледжімізде Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған ерекше кездесу кеші өтті.

Республикалық «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігімен арадағы меморандумға сәйкес колледжімізде Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған ерекше кездесу кеші өтті. 🎖️ «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» тақырыбында өткен шараның құрметті қонағы – бірлестіктің бас маманы, запастағы майор Жексекеева Бахытгүл Хасенқызы болды. Ол студенттермен еліміздің әскери даңқы, ардагерлердің ерлігі және патриотизм тақырыбында мазмұнды әңгіме өрбітті. 🦅 Бұл кездесуге колледжіміздің алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы А. Нүркенов басқаратын «Ақ Сұңқар» әскери-патриоттық клубының мүшелері белсенді түрде қатысты. Студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, Отан алдындағы борыш, әскери қызметтің маңыздылығы жайлы құнды мәліметтер алды.