Құқық бұзушылықтың алдын-алуға байланысты маңызды кездесу өтті!
Құқық бұзушылықтың алдын-алуға байланысты маңызды кездесу өтті! 👮♂️🛑
Астана қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілі, полиция капитаны Нурумбетов Айбек Сенбекович колледжіміздің ер балаларымен кездесіп, қазіргі криминогендік ахуалмен таныстырды. 🏙️ Сонымен қатар, жасөспірімдердің қоғамдық орындардағы тәртібі мен жауапкершілігі туралы маңызды әңгіме болды. 📚🚨 Бұл шара жастарымызға құқықтық мәдениетті арттыруға, тәртіпті болуға және өз әрекеттерінің салдарын түсінуге мүмкіндік береді.