Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі жаңарған, жасарған оқу орнының ғимаратында жаңа оқу жылын бастады.

Салтанатты сап түзеген білімгерлерді колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Клышбаева З.А. құттықтады. Барлық оқу топтарында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында  кураторлық сағаттар өткізілді. Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері туралы бейнематериалдар көрсетіліп, кеңінен мағлұматтар берілді. Сонымен қатар оқу орнының соңғы жылдары қол жеткізген оқу – материалдық базасының презентациясы жасалып, студенттердің жол картасының таныстырылымы өтті.