Бүгін «Тігінші», «Наубайшы», «Кондитер» біліктіліктері бойынша оқуды аяқтаған ерекше білім беру қажеттіліктері бар топтардың салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Бүгін «Тігінші», «Наубайшы», «Кондитер» біліктіліктері бойынша оқуды аяқтаған ерекше білім беру қажеттіліктері бар топтардың салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Бұл тек білім алушылардың ғана емес, сонымен қатар педагогтар ұжымының, өндірістік оқыту шеберлерінің, «Болашақ» корпоративтік қорының инклюзия мамандары мен тәлімгерлерінің үлкен еңбегі, табандылығы мен жігерінің нәтижесі.
Тыңдаушылар білім алуға деген ұмтылыстарын ғана емес, сонымен қатар қиындықтарды еңсеру, ұжыммен жұмыс істеу және қойылған мақсаттарға жету қабілеттерін де көрсете білді.
Түлектер кәсіби оқытудан сәтті өтіп, тәжірибиелік дағдыларды меңгеріп, біліктілік емтихандарының қорытындысы бойынша жақсы нәтижелер көрсетті.
Біз әрбір түлегімізді мақтан тұтамыз және бұл қадам олардың жеке және кәсіби дамуына сенімді жол ашатынына сенеміз.
Оқу барысында білім алушыларға қолдау көрсеткен ата-аналарға, педагогтерге және барша жанашыр жандарға алғысымызды білдіреміз.
Алда тек жарқын жеңістер, үлкен жетістіктер мен қуанышты сәттер көп болсын!