Бүгін колледжімізде Германияда тегін негізде оқуын жалғастырып, екінші диплом алу және халықаралық деңгейде мансап құру мүмкіндігі туралы маңызды кездесу өтті.

Біздің студенттер үшін бірегей мүмкіндік!

Бүгін колледжімізде Германияда тегін негізде оқуын жалғастырып, екінші диплом алу және халықаралық деңгейде мансап құру мүмкіндігі туралы маңызды кездесу өтті.

Кездесуге FAV Service gGmbH компаниясының директоры Хайко Шулер және халықаралық жоба үйлестірушісі Невинский Д. қатысып, студенттеріміздің көкейіндегі көптеген сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

🌍 Германияда білім алу
🎓 Екінші диплом иелену
💼 Халықаралық деңгейде сұранысқа ие маман атану

Бұл — кәсіби дамуға, жаңа тәжірибе мен үлкен мүмкіндіктерге ашылған жол!

Студенттеріміз үшін осындай ауқымды жобалардың жүзеге асуы — біздің білім сапасына деген жауапкершілігіміздің және халықаралық серіктестікті дамытудағы нақты қадамымыздың дәлелі.

Алда — жаңа белестер мен үлкен жетістіктер! 🚀