Біздің студенттердің Түркияда өндірістік тәжірибеден өтуі
Біздің студенттердің Түркияда өндірістік тәжірибеден өтуі 🇹🇷✈️
📢 2025 жылдың 28 сәуірінен бастап, меморандум негізінде Түркияның Анталья қаласындағы Мехмет Балджи Зеки атындағы мемлекеттік кәсіптік-техникалық колледждің әлеуметтік серіктестері базасында біздің колледждің студенттері халықаралық өндірістік тәжірибеден өтуде! 🌍🎓
🌟 Тәжірибенің негізгі мақсаты – шетелдік кәсіпорындарда нақты өндірістік ортада жұмыс істеу арқылы:
• 🛠 практикалық тәжірибе жинақтау
• 🖥 заманауи технологиялармен танысу
• 🎓 кәсіби құзыреттіліктерін арттыру
👨🍳🧵 Студенттер Түркиядағы кәсіпорындарда белсенді өндірістік жұмысқа қатысып, өз кәсіби дағдыларын шыңдап, сонымен қатар жергілікті мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен және еңбек тәртібімен де танысуда.
💬 Студенттердің айтуынша, бұл тәжірибе – олардың өз-өзіне сенімділігін арттырып, жаңа идеялар мен шығармашылық шабыт алуға үлкен мүмкіндік беруде.
📜 Тәжірибе соңында барлық қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталады.
💡 Мұндай халықаралық тәжірибе — еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың маңызды сатысы.