Бүгін қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде «Оқу орнында белсенді практикаға бағытталған орта құру бойынша педагогтардың жұмыс тәжірибесінен көрсетілім» тақырыбында ашық есік күні өтті
Бүгін қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде «Оқу орнында белсенді практикаға бағытталған орта құру бойынша педагогтардың жұмыс тәжірибесінен көрсетілім» тақырыбында ашық есік күні өтті, іс-шара аясында колледж оқытушылары мен өндірістік оқытушылары ашық сабақтар, шебер-сыныптар көрсетті. Сабақтарды еңбек өтілі бар тәжірибелі педагогтармен қатар осы салада жұмысын жаңадан бастаған жастар да берді. Сонымен бірге колледж студенттері өндірістік оқыту шеберлері онкүндігі жоспарына сәйкес нан-тоқаш өнімдерінен көрме ұйымдастырды.