Астана қаласы әкімінің «Ең үздік колледж-2023» байқауының жеңімпазы, 40 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі ынтымағы жарасқан, кәсіби толысқан ұжым болып саналады.

Астана қаласы әкімінің «Ең үздік колледж-2023» байқауының жеңімпазы, 40 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі ынтымағы жарасқан, кәсіби толысқан ұжым болып саналады. Мұғалімдер күніне арналған білім алушы студент-жастардың дайындаған мерекелік шарасында толағай табыстардың бастауында жүрген  ұлағатты ұстаздарға шат-шадыман көңіл күй сыйланып, ыстық ықыласқа толы лебіздер айтылды.