22.04.2025 ж. қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Жаркинбекова Сагдат Серикбаевна “Бір ел -бір кітап” республикалық акциясы аясында және 23-сәуір Ұлттық кітап күні қарсаңында Ұлттық академиялық кітапхана

22.04.2025 ж. қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Жаркинбекова Сагдат Серикбаевна “Бір ел -бір кітап” республикалық акциясы аясында және 23-сәуір Ұлттық кітап күні қарсаңында Ұлттық академиялық кітапхана мен Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің бірігіп ұйымдастыруымен ақын, мемлекеттік әнұранымыздың авторы Жұмекен Нәжімеденов пен жазушы, әдеби сыншы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған “Қос дарабоз” танымдық сайысын өткізді.
Іс-шараның мақсаты — аталған қаламгерлердің шығармашылығының қазақ әдебиеті мен жалпы әлемдік мәдениет үшін маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік беру.
Сайысқа АТ-370, БМ-372, КА-367 топ студенттері қатысып, білімдерін ортаға салды. Нәтижесінде есеп тең түсіп, достық жеңді. Білімалушыларға Ұлттық кітапхана тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.