2025 жылғы 11 маусым күні колледж педагогтері мен «Болашақ» корпоративтік қорының өкілдері арасында кездесу өтті.
2025 жылғы 11 маусым күні колледж педагогтері мен «Болашақ» корпоративтік қорының өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында 2024–2025 оқу жылында туындаған кәсіби қиындықтар мен білім беру процесіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру, студенттердің оқу мотивациясын көтеру, инклюзивті білім беруді дамыту, ата-аналармен тиімді байланыс орнату және психологиялық қолдау көрсету мәселелері көтерілді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тараптар арасында өзара тәжірибе алмасуға, сондай-ақ алдағы уақытта ықтимал ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.