2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы

2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауына сәйкес, 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды.

Осыған байланысты ақпан айынан бастап 8-11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстары басталды.

Жоба аясында колледж базасында сервис саласы бойынша кәсіптік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – №22 мектеп оқушыларына арналған «Сервировкалардың түрлері» тақырыбындағы шебер сынып.

Шебер сынып колледждің тәжірибелі педагогі А. Атыгаева өткізді.

Бұл іс-шара оқушыларға болашақ мамандығын нақты түсінуге және кәсіби дағдыны меңгеруге мүмкіндік береді.