Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі көптен күткен дәстүрлі оқу жүйесімен жаңа оқу жылын бастады.
Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі көптен күткен дәстүрлі оқу жүйесімен жаңа оқу жылын бастады. Санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып барлық оқу топтарында «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді. Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері туралы бейнематериалдар көрсетіліп, кеңінен мағлұматтар берілді. Сонымен қатар оқу орнының соңғы жылдары қол жеткізген оқу – материалдық базасының презентациясы жасалып, студенттердің жол картасының таныстырылымы өтті.