Ашық сабақтар
Аттестациядан өту аясында оқытушылар ашық сабақтар өткізіп, өздерінің кәсіби шеберлігін, әдістемелік құзыреттілігін және білім алушылармен тиімді жұмыс жүргізу дағдыларын көрсетті.
Ашық сабақтар тәжірибе алмасуға, заманауи педагогикалық тәсілдерді қолдануға және педагогтің күнделікті оқу үдерісіндегі нақты жұмысын көрсетуге мүмкіндік берді.
Ұстаздарға жауапкершілігі, ашықтығы және кәсіби дамуға деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз. Аттестациядан сәтті өтіп, шығармашылық табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз! 🌱📚
