AstauFest 2026 екінші күні: дәстүр дәмі, заманауи трендтер мен мерекелік көңіл-күй! 🇰🇿🔥

AstauFest 2026 екінші күні: дәстүр дәмі, заманауи трендтер мен мерекелік көңіл-күй! 🇰🇿🔥

Колледжімізде өтіп жатқан Халықаралық гастрономиялық фестиваль өз жалғасын табуда! Бүгін Б. Майлин көшесі, 12 мекенжайындағы алаңда нағыз мерекелік атмосфера орнады. Есігіміз 10:00-ден 17:00-ге дейін қонақтар үшін ашық!
Бүгінгі бағдарламада:
🎪 «Қазақстан даласы» этноаймағы — қазақы ақшаңқан киіз үйде ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді жаңғырту.
🎯 Ұлттық ойындар — «Ақ сүйек», «Орамал» және «Асық ату» сайыстары, шеберлік пен ептілік сынағы.
🥢 Кореялық Street Food — Азияның заманауи әрі танымал көше тағамдарының дәмін тату алаңы.
🍲 «Өзбек палауы» шеберлік сыныбы — Ташкенттен арнайы келген бас аспаздың қатысуымен дәстүрлі палау пісіру құпиялары.
💨 «Азотты балмұздақ» крио-шоуы — «CHEF’Ы» командасынан заманауи кулинарлық сиқыр мен әсерлі қойылым.
🎭 Мамандықтар флешмобы — білім алушыларымыздың бірлігі мен шеберлігін көрсететін жарқын номер.

Фестиваль қызығы әлі алда! Студенттерімізге қолдау білдіріп, әлем халықтарының дәмді тағамдарынан ауыз тиіп, тамаша көңіл-күйге бөленуге асығыңыздар!