2025 жылдың жетістіктері

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі Жұмысшы мамандықтар жылы аясында республика бойынша тамақтандыру және сервис саласы бойынша үздік колледж атанды! 🏆

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі Жұмысшы мамандықтар жылы аясында республика бойынша тамақтандыру және сервис саласы бойынша үздік колледж атанды! 🏆
Бұл — біздің ұстаздарымыздың еңбегінің, студенттеріміздің талпынысының және бірлікпен атқарылған үлкен жұмыстың нәтижесі! 💪
Біз білім мен еңбекті, шеберлік пен сапаны ұштастырып, болашақ кәсіби мамандарды даярлауды жалғастырамыз! 👩‍🍳👨‍🍳

🏓 Астана қаласы колледждері арасында өткен үстел теннисі жарысында
Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі командасы I орынды иеленді! 🥇✨

Бұл жеңіс – табандылықтың, еңбектің және командалық рухтың жемісі! 💪
Біздің қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз🎉
Жаңа жетістіктер мен жеңістер көп болсын! 🌟

«КОНДИТЕРЛІК АКАДЕМИЯ» МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі жанынан «Кондитерлік академия» мен жаңа технологиялар зертханасы салтанатты түрде ашылды. Аталған академия заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл студенттерге теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, кәсіби салада талап етілетін дағдыларды жетік меңгеруге кең мүмкіндік береді. Мұнда болашақ кондитерлер мен наубайшылар өндірістік ортаға бейімделіп, өзінің шығармашылық әлеуетін шыңдап, нағыз шебер маман ретінде қалыптасады. Ал жаңа технологиялар зертханасы тағам өнімдерінің сапасын сараптауға, құрамына талдау жасауға және түрлі ингредиенттерді сынақтан өткізуге арналған. Сонымен қатар, зертхана студенттердің авторлық өнімдерін әзірлеуге, оларды патенттеу арқылы нарыққа шығаруына жол ашып, кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға зор ықпал етеді. Жаңа ашылған орталықтар колледж студенттерінің кәсіби дайындығын арттырып қана қоймай, отандық гастрономия саласының дамуына да елеулі үлес қоспақ.

🏆 ЖЕҢІС КУБОГЫ ДИРЕКТОРҒА ТАБЫСТАЛДЫ!

Үстел теннисінен республикалық спартакиадада топ жарған колледжіміздің қызметкерлері жеңіс символы — кубокты салтанатты түрде колледж директорының қолына табыстады.
Бұл оқиға — тек спорттық жеңіс емес, бүкіл ұжымның ортақ еңбегінің, бірлігінің, жеңіске деген жігерінің көрінісі.
Колледж басшысы жеңімпаздарды құттықтап, олардың жетістіктері колледж жастарына үлгі екенін ерекше атап өтті.
Біз мақтанамыз!
Ұжымымыздың әрбір жетістігі — колледжіміздің рухани және мәдени дамуының айғағы.