ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН – ҮЗДІК НӘТИЖЕ!
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН – ҮЗДІК НӘТИЖЕ!
2025 жылдың 2–7 маусым аралығында Алматы қаласында өткен техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасындағы республикалық спартакиадада Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетті. «Үстел теннисі»-нен командалық жарыста Қуанышбеков Алмат Талғатұлы, Сәрсенбаев Шаттық Романкулович және Халиди Күнсұлу Амантайқызы – үздік ойын өрнегін көрсетіп, топ жарды. Команданы жарысқа дайындаған жаттықтырушы Нургожин Дастан Оразұлы. Бұл жеңіс – колледжіміздің спорттық мәдениетті дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұжымдық рухты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі. Ұстаздарымыздың табысы студенттерге үлгі болып, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге серпін береді.
Жеңімпаздарымызға жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Салауатты өмір салтын қолдайтын, рухы биік білім ордасы – біздің колледж!