Қазақстан Республикасы ІІМ ЕҚҚІК Екінші басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Смағұлов Медетбек Көшкінбайұлы колледжіміздің студенттерімен маңызды кездесу өткізді.
Қазақстан Республикасы ІІМ ЕҚҚІК Екінші басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Смағұлов Медетбек Көшкінбайұлы колледжіміздің студенттерімен маңызды кездесу өткізді.🔹 Тақырып: «Есірткі – қоғамдық кесел» 🔹👮♂️ Құқық қорғау саласының тәжірибелі маманы есірткінің зияны, оның қоғамға тигізетін кері әсері туралы жан-жақты түсіндіріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
💬 Кездесу барысында студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, құқық қорғау органының қызметі, есірткі қылмысына қарсы күрес әдістері туралы маңызды ақпарат алды. Жастардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалды! 🚨Медетбек Көшкінбайұлы жастарға есірткіге жоламаудың маңыздылығын, оның денсаулыққа, болашаққа тигізетін зиянын нақты мысалдармен жеткізді. Бұл кеселден құтылудың жалғыз жолы – алдын алу, білімді болу және дұрыс таңдау жасау. 💪 Салауатты өмір салтын ұстанайық! Спортпен айналысайық! Жарқын болашаққа бірге қадам басайық!