Бүгін әртүрлі елдердің үздік аспазшыларының ең дәмді тағамдарын тамашалауға және бірегей аспаздық идеяларды дәріптейтін IV Халықаралық “ASTAUfest” гастрономиялық фестивалінің ашылуы өтті.

Бүгін әртүрлі елдердің үздік аспазшыларының ең дәмді тағамдарын тамашалауға және бірегей аспаздық идеяларды дәріптейтін IV Халықаралық “ASTAUfest” гастрономиялық фестивалінің ашылуы өтті. Мұнда сіз әртүрлі тағамдарды дайындаудың дәстүрлері мен құпиялары туралы біле аласыз, сонымен қатар фестивальдің басқа қатысушыларымен аспаздық тәжірибелеріңізбен бөлісе аласыз. Фестивальдің қатысушылары мен қонақтары: Өзбекстан, Анталия (Түркия), Екатеринбург (Ресей), Қазан (Татарстан), Якутия (Саха Республикасы), Бішкек (Қырғызстан) қалаларының аспазшылар қауымдастығының өкілдері, республиканың оқу орындарының оқытушылары мен студенттері. Жалпы 130-дан астам қатысушылар өтініш білдірген кең ауқымды іс-шара болмақ. Фестиваль аясында конкурстық бағдарлама, іскерлік және ойын-сауық іс-шаралары, жарыстар, шеберлік сыныптары, тренингтер және тағы басқалар өтеді.