Мақтанышымыз! 🌟 Біздің түлегіміз әлемді бағындыруда!
Мақтанышымыз! 🌟 Біздің түлегіміз әлемді бағындыруда!
Лос-Анджелесте өткен халықаралық аспаздар байқауында 12 мыңнан астам қатысушының арасынан суырылып шығып, финалға жолдама алған қазақстандық шеф-аспаз Ратбек Сәдуақасов — біздің колледжіміздің мақтан тұтар түлегі! 🎓✨
Ратбектің басты арманы — қазақ асханасын әлемге таныту, ал оның пікірінше, қазы мен бесбармақтың жаһандық брендке айналуына толық мүмкіндігі бар. Осындай биік мақсаттарды көздеп, ұлттық дәмді халықаралық деңгейде паш етіп жүрген түлегімізді көру — біз үшін үлкен мәртебе әрі зор қуаныш!
Колледж қабырғасында алған білімі мен алғашқы кәсіби қадамдары бүгінде мұхиттың арғы жағында өз жемісін беріп жатқанына шексіз қуаныштымыз.
Ратбекке алдағы асуларда тек сәттілік тілейміз! Қазақ елінің және қара шаңырағымыздың атын шығара бер! 🧑🍳🔥
