Колледжімізде (модульдерді) оқыту бойынша семинар өтті.

«Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК әдістемелік бөлімінің басшылығымен CLIL, TBLT әдістері және BOPPS моделін интеграциялау негізінде ағылшын тілінде арнайы пәндерді (модульдерді) оқыту бойынша семинар өтті. Семинарды арнайы пәндер оқытушылары М. Мырзаханова және А. Рамазанова жүргізді. Семинарда BOPPPS үлгісі бойынша сабақ жоспарын құру мәселелері талқыланды. Оқытушылары мен ө/о шеберлері оқу үдерісіне CLIL және TBLT әдістерін енгізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар тілектестік және осы әдістемелерді белсенді талқылау атмосферасында өтті.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студент-жастары мен қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Жасыл Астана»  күзгі экологиялық айлығының алғашқы сенбілігін үлкен ұйымшылдықпен өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК студенттері мен қызметкерлері ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып «Спорт-денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, жаңа белеске, үлкен өмірге қадам басқан студенттер  және салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар салтанатты жағдайда  Білім күні мерекесін атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына орай «2023-2024 оқу жылына арналған қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің инновациялар және білікті мамандарды даярлау орталығы ретіндегі даму траекториясы» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.

Құрметті талапкер! Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің қабылдау комиссиясы 2023-2024 жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымы бастайды!