Бүгін шеберлік сабағының екінші күні — жаңа идеялар мен шабытқа толы күн!
Бүгін шеберлік сабағының екінші күні — жаңа идеялар мен шабытқа толы күн! 🍰
Студенттер мен өндірістік оқыту шеберлері заманауи кондитерлік өнердің қыр-сырымен танысып, десерттерді безендірудің заманауи әдістерін, текстура мен дәм үйлесімін терең меңгеріп жатыр.
Александр Кислицын тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби шеберліктің ұсақ-түйегіне дейін түсіндіріп, әр қатысушыға жеке кеңес беруде.
Осындай кездесулер – кәсібилікті арттырумен қатар, шабыт пен мотивацияның қуатты көзі. ✨
Біздің колледжде білім алу – бұл үздік мамандармен бірге өсу мүмкіндігі! 👩🍳👨🍳
Бүгін үйренген әрбір жаңа техника – ертеңгі жетістікке бастар жол! 💫
