30 қазан 2025 жылы колледжде «Колледждің білім беру ортасындағы студенттердің әлеуметтік және кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес отырысы өтті.

30 қазан 2025 жылы колледжде «Колледждің білім беру ортасындағы студенттердің әлеуметтік және кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Отырыс барысында оқу-тәрбие процесін жетілдіру мен білім алушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды мәселелер қарастырылды. Күн тәртібінде төмендегі тақырыптар талқыланды:
1. Бірінші курс студенттерінің жаңа әлеуметтік-психологиялық жағдайларға бейімделуін тиімді ұйымдастыру және оңтайландыру;
2. Білім алушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етудегі тәрбие жұмысының рөлі;
3. Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелеу және жетілдіру;
4. Оқытушылардың жобалық және зерттеу қызметінің нәтижелерін талдау.
Педагогикалық кеңес барысында колледждің оқу және тәрбие бөлімдерінің үйлесімді жұмысы, студенттердің әлеуетін арттыру, олардың кәсіби бағдарын қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланып, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Кеңес соңында алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер мен ұсыныстар қабылданды. Мұндай кездесулер білім беру сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге және студенттердің табысты бейімделуіне ықпал етеді.